Павлодарда пәтердің балконы өртеніп, үй иесі зардап шекті

358

15 адам эвакуацияланды, оның жетеуі - балалар.

Павлодарда пәтердің балконы өртеніп, үй иесі зардап шекті Фото: publika.md

Облыстық ТЖД мәліметінше, 31 шілдеге қараған түні сағат 00:03-те Ломов көшесі, 41 мекенжайы бойынша бесінші қабатта балкон жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

"Бір бөлмелі пәтерде 12 шаршы метр аумақта киім мен жиһаз жанғаны анықталды. 39 жастағы үйдің иесі №1 қалалық ауруханаға күйік бөлімшесіне жатқызылды", – делінген хабарламада. 

Өртті сөндіруге бес бірлік техника және 22 қызметкер жұмылдырылды. 

Жарты сағаттан кейін 00:31 өрт сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу