Павлодарда пәтерін жалға беретін кәсіпкерлер жылына 6 млн теңге табыс табады

1201

Павлодарда пәтерін жалға беретін кәсіпкерлер жылына 6 млн теңге табыс табады

Жыл басынан бері мемлекеттік кірістер органы мен қалалық әкімдіктің қызметкерлері, полицейлер пәтерлерге жүргізген рейд нәтижесінде бюджетке 825,3 мың теңге табыс салығы түсетінін анықтаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттіктің жолдаған ресми сауалына берген жауабында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысы орынбасарының міндетін ақтарушы Есенгелді Кадрин мәлім етті. 

"Тексерістің нәтижесінде салық төлеместен пәтерлерді жалға беру бойынша 12 факті анықталды", – дейді Есенгелді Кадрин.

Өңірде "Жалға беру, жеке меншік немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті басқару" қызметі бойынша барлығы екі мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Белгілі болған фактілер бойынша ІІБ-мен бірге жинақтау базасы арқылы баспанасын жалға ұсынатын 201 жеке кәсіпкер мен 100 жеке тұлға есепке алынған. Облыста заң аясында 11 пәтерге дейін жалға беретін жеке кәсіпкерлер де бар. Салық төлеушілер ұсынатын есепке сүйенсек, жалға беру арқылы жеке кәсіпкерлер мен ЖШС-лар орташа есеппен алғанда жылына 6 млн теңге, жеке тұлғалар 420 мың теңге табыс табады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу