Павлодарлық полицейлер "Ертіс орманы" табиғи резерваты Бауыртал орманшылығының заңсыз ағаш кескен бас инспекторын ұстады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданы жергілікті полиция қызметінің тәртіп сақшылары орман өнімдерін ұрлады деген күдікпен 48 жастағы ер адамды ұстаған. Ол бектіліген аумақта орманды қорғаудың орнына алдын ала 33 жастағы ауылдасымен мәмілеге келіп, қарағай тұқымдас 14 ағашты кескен. Сондай-ақ, Ертіс ауданы полиция инспекторы Ертіс ауылында 32 жастағы ер адам тізгіндеген "ВАЗ-21061" маркалы көлікті тоқтатып, кесілген тал тиелгенін анықтаған. Бұған қоса, полицейлер Ертіс өзенінің алқабында 35 жастағы ер адамды құрықтады.
"Олар өз істерін толығымен мойындап, ағаш ұрлығына үйлерін жылыту үшін барғандарын айтқан. Оқиға орнынан қылмыс құралдары мен заттай айғақтар алынып, аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 187-бабы және 340-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді баспасөз қызметіндегілер.