Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімеьінше, 4 маусымда сағат 17:12 шамасында ЖҚК қызметкерлері Усолка өзенін патрульдеу кезінде суға батып бара жатқан әйелді көрген.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жедел бөлімшенің құтқару қайығымен суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды. Оған медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, әйел көптеген адамдармен бірге демалып жүрген әрі мас болған.
Оқиға орнына 102 және 103 қызметі шақырылды. Әкімшілік хаттама жасалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу