Полицейлер зейнеткердің 24 миллион теңгесін алаяқтардың ұрлауына жол бермеді

292

Белгісіз адамдар өздерін энергетикалық орталықтың қызметкері ретінде таныстырып, зейнеткерге қоңырау шалған.  

Полицейлер зейнеткердің 24 миллион теңгесін алаяқтардың ұрлауына жол бермеді Фото: polisia.kz

Зейнеткер есептегіштердің тексерілуіне қатысты әңгімеге сеніп, сілтемелер бойынша өтіп, алаяқтарға 24 млн теңге аудармақ болған, деп жазады inbusiness.kz сайты Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

Алаяқтар зейнеткерге есептегіштің тексеріліп, пломбаланатынын айтып, 1414 сервисінен келген кодты беруін сұраған. Ешнәрседен күдіктенбеген зейнеткер көрсетілген кодты айтқан және өзінде бір банкте депозитінде қомақты қаржы бар екенін хабарлаған.

Кейіннен зейнеткерге банк атынан қоңырау шалып, алаяқтардың оның ақшасын иемденгісі келетінін, және ақшаны қауіпсіз шотқа аудару қажеттігін жеткізеді. Одан кейін курьер келетінін, оған ақшаны беру керектігін түсіндірді.

Зейнеткер еш ойланбастан депозитінен 24 млн теңге алып, 800 мың теңге комиссияны төлеп, үйіне оралып әрі қарайғы нұсқауларды күтті.

Артынша, зейнеткер құрбысына қонаққа барып мән-жайды айтқанда, досы күдіктеніп, учаскелік инспекторға хабарласқан.

– Қазіргі уақытта алаяқтық дерегі бойынша тергеу басталды. Қоңырау шалған алаяқтардың абоненттік нөмірлері анықталып, күдіктілер іздестірілуде, – деді Павлодар облысы ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Асхат Абетжанов.

– Барлығы телефон қоңырауынан басталды, әрі қарай түс секілді болды. Тек полицияның жедел әрекеттері мен құрбымның сақтық көрсеткенінің арқасында үлкен соманы ұрлатпай, ақшамды қайтаруға мүмкіндік туды, – дейді Лидия Федоровна.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу