Павлодарда полиция бөлімінің бастығы әріптесін соққыға жыққан

404

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің бастығы Василий Скляр әлеуметтік желіде түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодарда полиция бөлімінің бастығы әріптесін соққыға жыққан Фото: esquire.kz

13 қазан күні Павлодар қалалық полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түскен.

"Менің тапсырмаммен полиция департаменті аталған факті негізінде қызметтік тергеу бастады. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталады", - деп жазды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу