Соның ішінде 58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Павлодар полицейлері "Тасымалдаушы" жедел алдын-алу шарасын өткізіп жатыр.
– 58 тасымалдаушы жолаушыларды тасымалдау талаптарын бұзса, тағы 20 жүргізуші көлік құралын заңсыз қайта жабдықтаған. Ал 2 такси жүргізушісі салонда жолаушылар отырғанына қарамастан ереже бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шыққан, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінен.
Мысалы, Павлодар қаласындағы Ракетная көшесінде "Toyota Alphard" маркалы көліктің жүргізушісі ұсталды.
Ол таксиге арналған мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысқан. Әрі бұл туралы мемлекеттік кірістер органдарына тиісті хабарлама бермеген және тіркелмеген. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін көлік иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Тәртіп сақшылары тасымалдаушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға, жол-көлік оқиғасына соқтыруы мүмкін заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.