Павлодарда президенттік сайлауда 45-тен астам қоғамдық бірлестік өкілдері бақылау жасаған

753

Бұл туралы "Аманат" азаматтық платформасының өкілі Алма Қозбаева мәлім етті.

Павлодарда президенттік сайлауда 45-тен астам қоғамдық бірлестік өкілдері бақылау жасаған

Павлодар облысындағы сайлау учаскелерінде "Аманат" азаматтық платформасының 1000-нан астам өкілі бақылау жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .

 Бұл туралы "Аманат" азаматтық платформасының өкілі Алма Қозбаева мәлім етті.

 "Аманат" платформасының өкілдері сайлау күні таңғы сағат 6:00-ден бастап жұмысына кірісті, - деді Алма Қозбаева.

 Бізді 45 қоғамдық бірлестік қолдап, 1000-нан астам адам бақылау жүргізді. Таң атқаннан бастап барлық кабиналарды, қаламдарды, құрал-жабдықтарды тексеріп шықты. Біз жұмысымызды лайықты деңгейде атқардық. Кешкі сағат 20:00-ге дейін дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Бізбен бірге әр уческеде партиялардың, үміткерлердің сенімді өкілдерінен құралған 8-10 бақылаушы болды. Өкілдеріміз дауыстарды есептеу кезінде де бақылау жасады. Бізде барлық учаскенің хаттамалары бар. Сондықтан өңірімізде сайлау әділ өтті дей аламыз.

Сонымен қатар, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рымтай Шөкеев сайлау күні түскі уақытқа дейін ардагерлердің 90 пайызы дауыс бергенін атап өтті.

Айта кетейік, Павлодар облысында 117 мыңға жуық ардагер бар.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу