Павлодарда резина қалдықтарын кәдеге жарататын кәсіпорын ашылды

1222

Павлодарда резина қалдықтарын кәдеге жарататын кәсіпорын ашылды

Ертіс өңірінде тозығы жеткен көлік шиналарын кәдеге жарататын жаңа өндіріс іске қосылды. Резеңкелерден енді жолға арналған тақталар мен төсеніштер жасалады. Зауыт келешекте балалардың ойын алаңы мен жаттығу залына арнап резеңке төсеніш шығаруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Өңірде бұрын-соңды болмаған жаңа өндірісті іске қосуға бірнеше жыл кеткен. Алдымен қажетті шикізат қоры жинақталыпты. Істен шыққан автокөлік шиналарын кез келген жерге тастап кете беретін көлік иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Қалдық жинайтын   ұйымдармен өзара келісім орнаған. Бүгінде кәсіпорын  нарыққа жаңа өнім түрлерін ұсынып отыр.

 "Біздің кәсіпорын өнімнің екі түрін шығарады – тігіссіз және қалыпталған. Өлшемі 350/350 тақталар және түрлі пішіндегі кеспе тақтайшалар. Тауар – сүт фермаларына, стадиондарға және өндіріс орындарына арналған тігіссіз төсеніштер",- дейді технолог Евгений Басенко.

 Бұл – қалдықтарды жоюмен айлысатын кәсіпорын. Облыс аумағында бір жыл ішінде  пайдалануға жарамсыз  25 мыңдай көлік шиналары жиналады екен. Ал ұзақ жылдар бойы қордаланған резиналардың саны қаншама. Осы уақытқа дейін қайта өңдеумен ешкім айналыспапты. Сондықтан жобаның экологиялық тиімділігі де жоғары. 

 "Қалдықтарды жинаумен айналысатындарға оларды тиімді жолмен жоюға болатынын айтар едім. Біз қазір экологиялық қауіпсіз өнім шығарып жатырмыз. Өнімдеріміз жарақаттанудан сақтайды, тозбайды,  суыққа төзімді. 80 градус ыстық пен суыққа төтеп береді. Біз жасап жатқан төсеніштердің пайдаланылу мерзімі 10 жыл болады", - дейді кәсіпорын директоры Сергей Григорюк.

 Өндірістің бірінші кезеңі 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеуге қуатты, 1300 тонна ұнтақталған резина алынады. Ал жарақаттанудан сақтайтын өнім шығару көлемі әзірге көп емес. Жылына мың тонна дайын өнім шығарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу