Павлодарда рұқсат етілмеген қазба жұмысын жүргізген тұрғын жауапқа тартылды

520

Тұрғын жаяу жүргіншілерге арналғар жолдың асфальтбетон жабынын бұзған, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.  

Павлодарда рұқсат етілмеген қазба жұмысын жүргізген тұрғын жауапқа тартылды Фото: pavlodarnews.kz

Павлодар қаласы тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәлімдеуінше, заңбұзушылық Бұқар жырау көшесіндегі жеке үйдің бірінің маңында болған.

"Аталмыш мекенжайда рұқсат етілмеген қазба жұмыстарын жүргізу фактісі тіркелді. Бұл учаскеде жеке тұлға жаяу жүргіншілер жолындағы асфальтбетон жабынын бұзу арқылы инженерлік желіні төсеу жұмыстарын жүргізген", - делінген хабарламада.

Жоғарыда аталған жұмыстар құзыретті қызметтердің, оның ішінде ЖАО мен полиция басқармасының келісімінсіз жүргізілгені белгілі болды. Оқиға орнына жергілікті полиция қызметінің өкілдері шақырылды. Кінәлі адам жауапқа тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу