Болған жайтты бала анасына айтқан. Алайда зардап шеккен оқушының анасы мектептің бейнебақылау камераларындағы жазбаны көрмек болғанда, білім мекемесінің әкімшілігі дене шынықтыру сабағы кезінде стадион қараңғы болғандықтан, жазбада ештеңе көрінбейтінін айтып, көрсетуден бас тартқан.
"Неліктен дене шынықтыру тәуліктің қараңғы уақытында өткізіледі? Неліктен стадионда жарық жоқ? Ешкім жедел жәрдем шақырмаған, әкімшіліктен маған ешкім қоңырау шалған жоқ. Мен бұл жағдайды ұлымнан естідім", - деп ашуланды зардап шеккен оқушының анасы.
Кейінірек мектеп әкімшілігі ата-аналармен кездесу өткізген.
Басылым мәліметінше, директор жәбірленушінің анасынан шағымы жоқ екенін және полицияға жүгінбейтіні туралы қолхат алған. Алайда құқық қорғау органдары мән-жайдан хабардар болған.
"Кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі баланы тәрбиелеу, құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кінәлі оқушы мектепішілік бақылауға алынды", - деп мәлімдеді Павлодар облысы Полиция департаменті өкілі.