"Оқушы сыныптастарымен бәс тігіп, орындыққа шығып, "TikTok" әлеуметтік желісіндегі трендті қайталған. Ол физика пәні мұғалімінің ескертуін елемеген. Осылайша, мұғалім физикалық күш қолданған", – деді ол.
Қазіргі уақытта мектепте қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр.
"Білім беру мекемесінің директоры жасөспірімнің ата-анасымен кездесіп, әңгімелесті. Анасынан да, баланың өзінен де шағым түскен жоқ. Бірақ мұғалімнің мұндай әрекетіне, жол беруге болмайды. Оқиғадан кейін мұғалім өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазып, әлдеқашан жұмыстан босатылды", – деді Қуаныш Қыдыралин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу