Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтеді

839

Павлодарда сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтеді

Павлодарда 20 ата-ана сәбилер арасында еңбектеуден өтетін Babystart чемпионатына қатысуға өтініш білдірді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен өтетін жарыс 25-қараша күні сағат 14:00-де Ломов, 38 мекенжайында өтеді. Сайысқа 35 жасқа жетпеген жас отбасылар  8 айдан 1,5 жасқа дейінгі сәбилерін қатыстыра алады.

Чемпионат үш кезеңнен тұрады: І кезең – 8 ай мен 1 жас аралығындағы сәбилердің еңбектеу эстафетасы. Сәбилер 10 метр жерді еңбектеп өтуге тиіс. ІІ кезең – 1 мен 1,5 жас аралығындағы балалардың еңбектеу эстафетасы. Олар да 10 метр жерді еңбектеп өтуі керек. Бұл кезеңде ата-анасының біреуіне баланы қызықтыратын ойыншық немесе белгілі бір затпен мәреде тұруына немесе өзіне шақыруға рұқсат етіледі. Аз уақыт ішінде белгіленген жолды еңбектеп өткен бала жеңімпаз атанады. Екі аяғымен жүріп өткен бала ойыннан шығарылады. III кезең – ата-аналармен бірге балалардың сайысы. Бұл кезеңде алғашқы екі кезеңнен тыс барлық отбасы қатыса алады. Шара соңында жастар орталығы мен демеушілердің атынан жеңімпаздар медальмен, грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу