Алты айлық және бір жарым жас аралығындағы балалар қашықтықты бағындырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жастар бастамасын дамыту орталығында ұйымдастырылған облыстық еңбектеу чемпионатында олардың қайсы мәреге бірінші келетіні анықталды.
Ұйымдастырушылар жарыс үшінші жыл өтіп отырғанын, жыл сайын қатысушылар саны артып келе жатқанын айтты.
Чемпионат ережесі бойынша ата-аналардың жасы 35-тен аспау керек, ал сәбилердің жасы алты ай мен бір жарым жас аралығында болуға тиіс. Кішкентай спортшылар 10 метр қашықтыққа жарысты.
Бірінші орынды 10 метрді бір минут 12 секундта еңбектеп өткен Надир Нығматуллин жеңіп алды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу