Павлодарда сайлау учаскелерінің жанында ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды

528

Павлодар қаласында дауыс беруге келген азаматтарға ауыл шаруашылығы өнімдері арзан бағамен ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.  

Павлодарда сайлау учаскелерінің жанында ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылды Фото: pavlodarnews.kz

Қалада барлығы сегіз жәрмеңке өткізілді. Қала тұрғындарына тауар өндірушілердің бағасымен, яғни нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылды. Тұтыну нарығын және ауыл шаруашылығын үйлестіру секторының меңгерушісі Әсел Кенжалинаның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын шамадан асырғаны үшін жауапкершілік қарастырылған.

Қараша айының үшінші жексенбісі елімізде Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу