Павлодарда салынып жатқан көпір тағы өртенді

246

Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер 30 метр биіктіктегі жағдайды жедел бақылауға алды.  

Павлодарда салынып жатқан көпір тағы өртенді Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Кеше Павлодар облысы ТЖД-нің "101" пультіне салынып жатқан көпірде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде келген сәтте жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкцияларының жанғаны анықталды.

Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер 160 шаршы метр аумақта қысқа мерзімде толықтай сөндірді.

Өрттің одан әрі таралуына және көпір құрылымына жайылуына жол берілмеді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетейік, Павлодарда Ертіс арқылы өтетін бірегей көпір бір жылда екінші рет өртенді. 31 қаңтар күні кешкісін Павлодар облысында миллиард теңгеге салынып жатқан көпір отқа оранған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу