Павлодарда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, екі баспалдақтың ортасында қоқыс пен бірінші қабатқа жақын орналасқан "Райса" сән үйінің ағаш едені мен киімдер өртенген.
"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жоғарғы қабаттан 10 адамды сыртқа шығарды. Оның үшеуі – бала. Қызыл жалын тоғыз шаршы метрді шарпыған. Күйіп қалған, жеңіл және орта деңгейде түтіннен уланған екі ересек адам мен төрт бала ауруханаға түсті. Екі жасар сәби жансақтау бөлімінде жатыр. Беті мен қолын күйік шалған 33 жастағы әйелдің жағдайы ауыр. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның 21 адамы мен жеті техника жұмылдырылды, – дейді баспасөз қызметінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу