Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып түсті

439

2 адам ауруханаға жеткізілді.

Павлодарда сауда үйінің шатыры опырылып түсті Фото: ҚР ТЖД

Павлодарда сауда үйінің шатыры қирады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 7 шілдеде түс ауа 14:00 шамасында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, сауда үйінің шатыры опырылып, дәмхананың жазғы алаңының үстіне түскен. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болған.

Құтқарушылар құрылысты бөлшектеуге кірісті. 1975 жылы туған бір ер адам үйінді астынан шығарылып, ауруханаға жатқызылды. Оған екі аяғының сынуы деген диагноз қойылған. Жұмыс жалғасып жатыр. Тағы бір ер адам құтқарушылар келгенше жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу