Павлодар қаласының шетіндегі саяжайлардың аумағындағы үйлер мен құрғақ шөптер өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер қазір оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Өрт сөндірушілер жалынды бірнеше бағытта сөндіруде. Десе де, жел жалынды тіптен үдетіп жіберген.
– Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. Сондай-ақ, өртті жоюға мемлекеттік емес өртке қарсы ұйымдардың күштері мен құралдары, Павлодар су арнасы жұмылдырылды. 102, 103 қызметтері, Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттық медицина орталығы оқиға орнында тұр. Өрттің ауданы анықталып жатыр, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.