Павлодарда 9 гектар жерге қарағай отырғызылды

978

Павлодарда 9 гектар жерге қарағай отырғызылды

Павлодарда жалпы қалалық сенбілік аясында тоғыз гектар жерге қарағай отырғызылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жетекші ауылында бір апта бойы 40 мыңнан астам қарағай көшеті егілді. Мамандардың айтуынша, "Ертіс орманы" резерваты орман тәлімбағынан алынған материалдарының өсіп кетуі 80 пайызды құрайды. 5-6 жылдан кейін бұл ағаштардың биіктігі 50 см-ге дейін жетеді.

"Бірнеше жылдан кейін бұл жер үлкен орманға айналады, - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов. – Жыл сайын сәуір айында келіп, көшеттердің қалай өсіп жатқанын көруді дәстүрге айналдырайық. Алғашқы кезеңде қарағайлар суарылатын, күтілетін болады. Бұдан басқа, топыраққа сіңісіп кетпегендері жаңадан ауыстырылады".

Павлодардың айналасындағы белдеуден басқа, сенбілік кезінде қаланың аумағы абаттандырылады.

"Горзеленстрой" ЖШС  кәсіпорындар мен оқу орындарына, ПИК-терге 500 шақты көшет ұсынды. Сонымен қатар Усолка шағын ауданындағы жаяу жүргіншілер жүретін жерге 200 ағаш егілді. Облыс орталығында мың шақты көшет отырғызылады.

"Қоқысты жинастыру үшін 45 техника мен 115 жүк көлігін бөлді, - деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Зкрия Сұлтангазинов. – Біздің кәсіпорындар ағаштар мен аялдама павильондарын әктеп, белгілер қойылады".

Еске сала кетейік, бұл көріктендіру және санитарлық айлық бойынша өткізіліп отырған үшінші сенбілік. Келесі аптада тағы бір сенбілік күтіп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу