Павлодарда "Серпін" бағдарламасымен оқып жатқан оңтүстіктің студенттері аязға бойлары үйренгенін айтады

1296

Павлодарда "Серпін" бағдарламасымен оқып жатқан оңтүстіктің студенттері  аязға бойлары үйренгенін айтады

Павлодар облысына "Серпін-2050" бағдарламасы бойынша білім қуып келген студенттер солтүстіктің суығына дайындалып келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар химия-механикалық колледждің 1-курс студенті Жомарт Әбдіғанидің айтуынша,  шымкенттік студенттер солтүстіктің аязына бой үйретіп қалған.  

"Қазақстанның оңтүстүстігінде ең суық деген температура -20 градус қана. Осында оқуға келер алдында 40 градусқа дейін аяз болатынын білген едік. Сондықтан да алдын-ала дайындалып келдік. Шымкенттен жылы күртеше мен аяқ киім алдық. Алдағы демалыста тағы да қосымша жемпірлер сатып аламыз.  Павлодар қаласына алғаш рет келіп тұрмын. Бүгінгі суыққа да ақырындап үйреніп  жатырмын".

Оның айтуынша, Оңтүстік Қазақстаннан колледже биыл 50-ге тарта студент келген. Олардың барлығы тегін  оқып, ай сайын 16 мың теңгеден шәкіртақы алады. Бұдан басқа, әлеуметтік топқа жатанын студенттерге жылына екі рет туған жеріне барып келу үшін  жолақы төленеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу