Павлодарда серуендеуге шыққан ер адам пышақталып, көз жұмды

224

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады. 

Павлодарда серуендеуге шыққан ер адам пышақталып, көз жұмды Фото: Матрица

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды. Жарақат алған азамат қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 шілдеде 04:34-те М.Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің бұрышында ер адамға пышақ сұққаны туралы хабарлама түскен.

35 жастағы тұрғын кеудесінен жарақат алып, ауыр жағдайда Сұлтанов атындағы ауруханасына жеткізілген. Сол жерде ер адам қайтыс болды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу