Павлодарда шахматшылар турнирі басталды

2742

Павлодарда шахматшылар турнирі басталды

Павлодарда шахматтан халықаралық турнир басталды. 2 желтоқсанға дейін созылатын айтулы жарыстың жүлде қоры 3 миллион теңгені құрап отыр, деп хабарлайды egemen.kz. 

Қазақстан шахмат федерациясының хабарлауынша, 13-мәрте ұйымдастырылып отырған турнирге Ресей, Беларусь, Испания, Бельгия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Украина және Қазақстанның 100-ден аса ойыншылары бақ сынауда. Солардың арасында 12 гроссмейстер, 7 халықаралық шебер, 7 ФИДЕ шеберлері және 2 спорт шеберлігіне кандидаттар бар.

Жарыс ФИДЕ ережесіне сай швейцариялық жүйе бойынша өтеді. Ол 10 турдан тұрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу