Павлодарда шахматтан ел чемпионаты басталды

722

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 680-нен астам спортшы қатысады.

Павлодарда шахматтан ел чемпионаты басталды

5-16 қаңтар аралығында павлодарлық Шахмат үйінде жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 680-нен астам спортшы қатысады. Олардың арасында спорт шеберлері, Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері де бар.

Сайыс Халықаралық шахмат федерациясының ережесіне сай өткізіледі. Барлық жастағы топтардың бірінші тақта ойындары интернет арқылы онлайн түрде жарияланады.

Турнирдің жүлде қоры үш миллион теңгеден астам.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу