Павлодарда шайбалы хоккейден ел чемпионаты аяқталды

1605

Үш күн бойы "Астана-2", "Ертіс", "Барыс-2", "Торпедо", "Арлан" және "Юность" хоккей командалары "Астана" мұз сарайында тартысты бәсекелер өткізді. 

Павлодарда шайбалы хоккейден ел чемпионаты аяқталды

Павлодарда шайбалы хоккейден 2009 жылғы балғындар арасында өткен ҚР чемпионатының 4-туры өз мәресіне жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Үш күн бойы "Астана-2", "Ертіс", "Барыс-2", "Торпедо", "Арлан" және "Юность" хоккей командалары "Астана" мұз сарайында тартысты бәсекелер өткізді. Жарыстың қорытынды кезеңінде Қарағанды хоккей клубының "Юность" және елордалық "Астана-2" және "Барыс-2" командалары суырылып алға шықты.

"Барыстықтар" қарсыластарын 1-4 есебімен ұтты. Қалған екі команда екінші және үшінші орынды місе тұтты.

Ойын нәтижесі бойынша күміс жүлдені Қарағандының "Юность" командасы еншіледі. Үшінші орын "Астана-2" хоккей командасына бұйырды.

"Үздік қақпашы" жүлдесімен "Барыс" командасының ойыншысы Расул Мұхамедқали марапатталды. Төрешілер осы команданың ойыншысы Жандос Нұртеловті "Үздік шабуылшы" деп таныды. Ал "Юность" командасынан  Вадим Фирсе "Үздік қорғаушы" атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу