11 тамыз күні Павлодарда шаңғы жарысынан жастар арасындағы Қазақстанның жазғы біріншілігі басталды деп жазады Olympic.kz.
Еліміздің әр түкпірінен жиналған 300 спортшы кросс, жекелей сын және еркін әдіспен жарысатын болады.
"Павлодарда жыл сайын жастар арасындағы ел чемпионаты өтеді. Ақпан айында қысқы, тамызда жазғы біріншілікті қабылдайды. Жазғы чемпионат спортшылар мен бапкерлер үшін қысқы маусым алдындағы маңызды дайындық кезеңі болып есептеледі", - дейді шаңғымен жарысу федерациясының бірінші вице-президенті Никита Девяткин.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу