Павлодарда шенеуніктер тротуарға қажет материалдарды 3 есе көп етіп көрсеткен

Заң бұзушылықтарды қалалық прокуратура мемлекеттік сатып алуларға жүргізілген талдау барысында анықтаған.   

Павлодарда шенеуніктер тротуарға қажет материалдарды 3 есе көп етіп көрсеткен Фото: kaz.inform.kz

Шенеуніктер мұндай қитұрқылыққа Орталық скверді жөндеуді жоспарлау кезінде барған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Көпшілікке белгілісі, Орталық скверді жөндеуді жоспарлау барысында сметалық құжаттамаға көлемі 25 мың шаршы метрден асатын тротуар плиталарын төсеу жұмыстары, сонымен қатар құны 368 млн теңгеден асатын дәл осындай көлемдегі бетон плиталарын сатып алу енгізілген. 

– Бұл ретте сквердің жалпы аумағы шамамен 25 мың шаршы метр және оның құрамына көгалдар, жасыл желектер, ағаштар мен төсеуге жатпайтын ашық топырақ учаскелері кіреді. Жүргізілген өлшеулер нәтижесінде тротуар плиталарына нақты қажеттілік 9 мың шаршы метрден аспайтыны анықталды. Осылайша, жобада көзделген жұмыс көлемі мен материалдар нақты қажеттіліктен едәуір асып кеткен. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалу қаупін тудырған, – деп хабарлады қалалық прокуратура.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімі тоқтатылып, кінәлі лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу