Павлодарда шомылу маусымында 7 адам суға батып қаза тапты

339

​Павлодар облысында шомылу маусымы басталғалы бері 7 адам суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың екеуінде кәмелетке толмаған балалар қаза болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Павлодарда шомылу маусымында 7 адам суға батып қаза тапты Фото: ЖИ

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар осы кезеңде 49 адамды судан аман алып қалған. Құтқарылғандардың арасында 8 бала бар.

Мамандардың айтуынша, судағы қайғылы оқиғалардың басты себептері – арнайы рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және алкогольдік ішімдік ішіп суға түсу. Қаза болған жеті адамның алтауы шомылуға арналмаған орындарда суға кеткен.

Сонымен қатар кейбір тұрғындардың қауіпсіздік үшін қойылған "Шомылуға тыйым салынады" деген ескерту белгілерін алып тастаған жағдайлары анықталған.

Су айдындарындағы қауіпсіздік талаптарын бұзған 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал шағын көлемді кемелерді мас күйінде басқару фактілері бойынша 5 қылмыстық іс қозғалған.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды суға түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу