Павлодарда жөндеуші слесарь 12 метрлік биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кеше кешкі сағат 16:20-да өндірістік цехтардың бірінің аумағында 1996 жылы туған слесарь көпірлі кранды бөлшектеп жатып, абайсызда 12 метрлік биіктіктен құлап кеткен.
"Жас жігіт алған жарақатынан сол жерде жантәсілім етті. Оқиғаны көрген куәгерлер бар. Еңбекті қорғау нормаларын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", – деп мәлім етті баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу