Павлодарда жас қыздың сөмкесіндегі пауэрбанк жарылып, оны күйік шалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқыс жағдай фитнес клубтың бейнекамерасына түсіп қалған. Оқиға жаттығудан кейін үйіне қайтуға дайындалып жатқан кезде болған. Жас қыздың сөмкесінен кенеттен қою түтін шыға бастаған. Ол сөмкесін алмақ болған сәтте пауэрбанк жарылып кеткен. Салдарынан оны жалын шарпып, қолы мен басын күйік шалған.
Спорт клубының қызметкерлері көмек көрсетуге тырысқанымен, тек сыртқа шығарғаннан кейін ғана өртті толықтай сөндірген.
Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның алған күйіктерін ауыр деп бағалап отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу