Павлодарда спектакль кезінде сахна құрастырушысы қайтыс болды

908

Көрермендерді амалсыз залдан шығаруға тура келген.  

Павлодарда спектакль кезінде сахна құрастырушысы қайтыс болды Фото: Валерий Бугаев

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның көз жұмғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай А.П. Чехов атындағы облыстық драма театрында жексенбілік қойылым кезінде орын алған. Қойылымның екінші бөлімі аяқталмастан, көрермендер залдан шығарылды.

"Астана көшесі, 166 мекенжайы бойынша сағат 18:40-та қоңырау түсті", – деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Театр директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, марқұм 43 жаста болған. Театрда сахна құрастырушысы қызметін атқарған. Ер адам тромб үзіліп кету салдарынан көз жұмған. Жерлеу рәсімі сәрсенбі, 25 қаңтарда өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу