Павлодарда спирттен арақ дайындаған қылмыстық топ құрықталды

1071

Павлодарда спирттен арақ дайындаған қылмыстық топ құрықталды

Павлодарда екі жыл бойы ішімдікті заңсыз дайындап, саудаға шығарған ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Олардан алкогольдік өнімнің 4 мың бөтелкесі тәркіленді, деп хабарлайды abctv.kz.

Облыс орталығында 11 адам жеке үйде астыртын цех ашып, басқа түгілі қарапайым санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтамай, көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Заңсыз жолмен дайын болған ішімдікті Павлодар қаласындағы 7 сауда орны мен елді мекендердегі дүкенге саудалаған. Ұйымдасқан қылмыстық топ дайындаған ішімдіктерідің басым бөлігі – халық арасында "Paida", "Imperial", "Застольная", "Посольская", "Пшеничная", "Золотое кольцо", "Столичная", "Новая" атауларымен танымал өнімдер, сонымен қатар пластикалық бөтелкелерге құйылған "Колхозница" да бар.

"Тінту шаралары кезінде алькогольдік ішімдіктерді заңсыз жолмен шығаруда пайдаланылған 2400,5 литр спирт, қақпақты бұрауға арналған құрал, 30 мың алюминий қақпағы және жалған заттаңбалар алынды. Шығарылған өнім көлемін тәркіленген спирт пен қақпақ санына байланысты аңғаруға болады. Айталық, спирттің 1 литрінен 5 бөтелке суррогат өнім дайындалған. Осылайша, ұйымдасқан қылмыстық топ 2 жыл бойы көлеңкелі, заңсыз бизнеспен айналысқан. Топтың 3 белсенді мүшесіне қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды", - деді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті қаржы саласындағы құқықбұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы Азамат Бейсембаев.

Айта кетелік, жыл басынан бері Павлодар облысында салық саласындағы қылмыстар бойынша 9 адам қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу