Павлодарда студент оқытушыны пышақтап тастаған

221

Аталған оқиға бойынша тергеу басталды.

Павлодарда студент оқытушыны пышақтап тастаған Фото: freepik

Павлодар облысында колледж студенті мұғалімді пышақтаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысының Білім беру басқармасы 18 қыркүйекте Павлодар колледжінің 2007 жылғы студенті Павлов көшесіндегі үйдің ауласында педагогті жарақаттағаны туралы хабарлайды.

Колледж әкімшілігі бекітілген алгоритмге сәйкес шараларды ұйымдастырған. Педагогке медициналық көмек көрсетілді, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Болған оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды. Жағдайды анықтау үшін студентті полиция қызметкерлері қамауға алды.

Білім басқармасы білім беру ұйымдарының басшыларымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша кезектен тыс кеңес өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу