Павлодарда студент жаңа туған сәби өлімі үшін сотталды

130

Іс материалдарына сәйкес, бойжеткен бір жарым жыл бойы жігітімен қарым-қатынаста болған.  

Павлодарда студент жаңа туған сәби өлімі үшін сотталды Фото: gov.kz

Павлодарда жаңа туған сәбидің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты. Жүктілігі анықталған кезде жігіт баланы мойындамайтынын айтып, жауапкершіліктен бас тартқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қыз туыстарының сынынан қорқып, жүктілігін жасырған және дәрігерлерге жүгінбеген. 2025 жылдың қазан айында студент жатақхананың жуынатын бөлмесінде қыз баланы дүниеге әкелген.

Сот дерегінше, босанғаннан кейін психологиялық күйзеліс жағдайында болған бойжеткен нәрестенің жылаған дауысы естіліп қалады деп қауіптенген. Соның салдарынан ол сәбиді сүлгіге орап, тыныс алу жолдарын жауып тастаған. Нәтижесінде нәресте көз жұмған.

Аталған іс Қылмыстық кодекстің "Психотравмалық жағдайда анасының жаңа туған баласын өлтіруі" бабы бойынша қаралды. Айыпталушы кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, оған екі жыл мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу