Павлодарда студенттер ақылы қар күреу жұмысына тұра бастады

1182

Павлодарда студенттер ақылы қар күреу жұмысына тұра бастады

Павлодарда қала көшелерінде қар тазалау жұмыстарына жас қыз-жігіттерді жұмысқа қабылдау жүріп жатыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Қалалық жұмыспен қамту бөлімі хабар еткендей, жұмысқа қабылдау Кривенко көшесі25, №101 және №304 кабинеттерінде жүргізіледі. Қажетті құжаттар: жеке куәлік пен білім дипломы. Он күн ішінде қар тазалаумен айналысатын мекемелердің қайсысында қызмет ететіндігі хабарланады.

"Жалақы өтелген жұмыс уақытына қарай есептеледі. Айлықтың бір бөлігі, 25 мың теңгені жұмыспен қамту орталығы аударады, қалғанын жұмыс беруші өз мойнына алады. Ай сайын еңбекақы орта есеппен 70-80 теңгені құрайды. Біз жұмысқа тек оқу бітірген жастарды қабылдаймыз. Бүгінгі таңда жұмысқа орналасуға ниет білдірген жастар саны 18-ге жетті. Жалпы, орталық арқылы жұмысқа 40 адам орналасты, тағы 60 адам жауап күтуде, – деді мемлекеттік бағдарлама және жұмыспен қамту бөлімі басшысының орынбасары Лариса Кузьменков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу