Павлодарда "Жас Отан" жастар қанатының жастары ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін пункт ашты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Жастар жаңа жылы киімдер мен резеңке етіктер, құрылыс материалдарын: цемент, кірпіш, ағаш, жылдам бұзылмайтын азық-түлік: консервілер, жарма, сұйық май, қант, тұз және басқа да қажет заттарды қабылдайды. Қабылдау пункті Кривенко көшесі, 25А мекенжайы бойынша "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалының ғимаратында ашылған.
Партияның жастар қанаты филиалының төрайымы Санира Жүсіпованың айтуынша, гуманитарлық көмек жинау аптаның соңына дейін жалғасады және жүк көлігімен ШҚО-ға жіберіледі.
"Біз өскемендік әріптестерімізбен оларға не керек екенін білу үшін үнемі байланыстамыз. Пункт кеше ашылды. Алғашқы болып нұротандықтар көмек көрсетуге ниет білдірді. 318 мың теңгеге консервілер мен резеңке етіктер, жылы киімдер сатып алынды", - дейді ол.
Еске сала кетейік, су тасқынынан зардап шеккендерге тек қана жаңа заттар қабылданады. Сұрақтар туындаған жағдайда 61-80-01, 8 747 311 21 93, 8 705 593 17 52 телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады.