Павлодарда сусын шығаратын зауыт 5,8 миллион теңгеге сатылып кетті

802

Тұтас өндіріс ошағының өзгенің иелігіне өтуін акциялардың бақылау пакетінің иегерлері де түсінбей отыр. Зауыттың қожайындары бұл әрекетті "рейдерлік тартып алу" дейді.

Павлодарда сусын шығаратын зауыт 5,8 миллион теңгеге сатылып кетті

Павлодарда сусын шығаратын зауыт 5 млн 800 мың теңгеге сатылып кетті. Тұтас өндіріс ошағының өзгенің иелігіне өтуін акциялардың бақылау пакетінің иегерлері де түсінбей отыр. Зауыттың қожайындары бұл әрекетті "рейдерлік тартып алу" дейді. Бұл туралы бүгін кәсіпорын өкілдері баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Сыра зауытының ортақ иесі Фуат Сатыбаев компания үлесінің 51 пайызына ие. Алайда  жаңа басшылық акциялардың 100 пайызына ие екенін айтады. Ол компания үлесінің екінші бөлігін басқа қожайыннан сатып алған. Сонымен қатар заңды құқықтарын әділет органдарында ресімдеген. Осылайша, кәсіпорынның акция пакеттерін үшке, яғни 60, 20 және 20 пайыздан бөліп алған.

"Түстен кейін ортақтас қожайын зауыттың бір бөлігін өз еркімен сатып жібергенін айтты. 5 млн 800 мың деген не баға? Ол кәсіпорынның қанша тұратынын білмейді. Осындай әрекетке неге барғанын түсіндіре алмады", - дейді кәсіпорын құрылтайшысы Фуат Сатыбаев.

Кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы директорының орынбасары Мәди Сыздықов бұны алаяқтық деп отыр.

"Бұған дейін құрылтайшы акцияның 51 пайызы Фуат Сейдахметұлына тиесілі екенін біле тұра зауытты тұтастай өзге адамға сатып жіберді. Түсінбестік осыдан туындап отыр. Мәселенің нүктесін құқық қорғау органдары мен сот қояды. Менің ойымша, бұл алаяқтық", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу