Павлодарда сынабы бар қалдыққа арналған контейнерлер қойыла бастады

843

Павлодарда сынабы бар қалдыққа арналған контейнерлер қойыла бастады

Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында 200 контейнер қойылады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Контейнер орнату жұмыстары өткен аптада басталған. Ақсуда - 10, Екібастұзда – 30 және Павлодардың аулаларында 160 сарғылт түсті контейнер орнатылады. Облыстық жер қойнауын пайдалану, айналаны қоршаған орта және су ресурстары басқармасы мамандарының айтуынша, бактарға арналған орындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімдерімен келісілген.

"Контейнерлерді Павлодар облысына "Оператор РОП" ЖШС тегін жеткізді, - деді ведомствода. – Қазіргі таңда олар қалалық ТҮКШ бөлімдерінің балансына тапсырылады. Контейнерлерге қызмет көрсетумен құрамында сынап бар қалдықтарды бактардан алып шығып, Екібастұздағы зауытта жоятын мердігерлік ұйым айналысады.  Бұл құрылғылар люминесцентті шамдар мен батарейлерді жинауға арналған".

Ведомствода тұрғындардан бактарды дұрыс қолдануды және ішіне қоқыс тастамауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу