Павлодарда тағы бір полицей өз-өзіне қол жұмсады

939

Бұл - жыл басынан бергі үшінші жағдай.  

Павлодарда тағы бір полицей өз-өзіне қол жұмсады

Соңғы уақытта Павлодар облысында құқық қорғаушылардың өз-өзіне қол жұмсау фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Кеше сағат 23:40-та Ақсу қаласындағы гараждардың бірінен полиция майорының денесі табылды. Аталмыш факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды", - деді Павлодар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-сараптама тағайындалды. Қайғылы жағдайдың себебі анықталуда.

Кейбір ақпарат көздеріне сүйенсек, қайтыс болған құқық қорғаушы - Қалқаман кентіндегі полиция бөлімінің инспекторы. Ол Ақсу қалалық полиция бөлімі аумағындағы гараждан табылған.

Айта кетейік, бұл - Павлодар облысындағы үшінші жағдай. Осы жылдың сәуір айында павлодарлық полицейлердің бірі облыс орталығындағы үйдің подъездінде өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Ал мамыр айында Железин ауданының тәртіп сақшысы өзіне оқ атып, абырой болғанда иығына тиді. Дәрігерлер екі литр қан жоғалтқан аудандық полиция қызметкерін аман алып қалды.

Ажар Дәулетова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу