Павлодарда тағы бір сауда үйі отқа оранды

885

Жығылған үстіне жұдырық.  

Павлодарда тағы бір сауда үйі отқа оранды

Локдаунның кесірінен онсызда саудалары жөнді жүрмей тұрған керекулік кәсіпкерлердің бір тобы, енді мүлдем жұмыссыз қалды. "Ласточка" деп аталатын көтерме бөлшек дүкенінде елуге жуық жеке кәсіпкер сауда саттықпен айналысатын. Тілсіз жау сауда үйінің 350 шаршы метр аумағын шарпыған. Онда көбінесе киім-кешек пен азық-түлік сатылатын.

Дүкен бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан, өрт кезінде 70 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың 17-і балалар. Төтенше оқиға демалыс күні болғандықтан сауда үйінің азық-түлік сататын бөлігінен басқасы жабық болды. Өйткені, өңірде сенбі-жексенбі сауда үйлері жұмыс істемейді. Арнайы комиссия шығын көлемін анықтап жатыр. Ал, кәсіпкерлер млндап залал келді дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу