Павлодарда 270 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа көпқабатты екі үй Усолка ықшам ауданында орналасқан. Әуелі отбасы толық емес және мүгедек бала асырап отырған жанұялар, пәтер кезегінде тұрған мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері жаңа қонысқа ие болды. Өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан. Биыл 7 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталып, халық игілігіне берілді. Тапсырылған үйлер "Нұрлы жол" және "Өңірлерді дамыту - 2020" бағдарламасы аясында салынған. Жылдың аяғына дейін тағы бірнеше үй пайдалануға беріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу