Павлодарда тағы қызылша анықталды

564

Мұндай жағдай осымен екінші рет тіркеліп отыр.

Павлодарда тағы қызылша анықталды Фото: Turkystan.kz

Павлодар облысында екі бала қызылша жұқтырғаны анықталды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, тексеру нәтижесіне сәйкес, олар қызылшаны Алматыда жұқтырған. Балалар Алматыдан Қарағандыға барған, ол жақта аурудың айқын белгілері көріне бастаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Енді дәрігерлер ата-аналардың екпеге деген көзқарасынан сескене бастады. Өңірде балалардың 95 пайызы екпе салдырғанымен, одан бас тартатындардың да саны артқан.

"Жағдай ушыға бастады, оған екпеден бас тартату, оның ішінде қызылшаға қарсы екпеден бас тартатындар санының артуы себепші", – деді департаменттің жұқпалы және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Гүлмира Құлмағамбетова.

Жыл басынан бері 1 мен 17 жас аралығындағы 760 бала мен жасөспірім қызылшаға қарсы екпеден бас тартса, кейінірек 184 балаға ата-анасы екпе салуға келісімін берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу