Павлодарда тәртіп сақшыларына электромобильдер берілді

1031

Қазіргі заманғы электрмобиль төрт адамға есептелген, сондай-ақ оның екі орыны жолаушыларды тасымалдауға арналған. 

Павлодарда тәртіп сақшыларына электромобильдер берілді

Енді Павлодарда тәртіп сақшылары жағалауда демалғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде электромобильдерді пайдаланады.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, департамент қарамағында электр жетегі бар 2 жаңа электрмобиль бар.

Бұл экологиялық таза және үнемді көлік, бензинге шығын шықпайды. Қазіргі заманғы электрмобиль төрт адамға есептелген, сондай-ақ оның екі орыны жолаушыларды тасымалдауға арналған. Электрмобильдің жылдамдығы 30 км/сағ дейін, қозғалыс қоры 100 км құрайды, ол әдеттегі тоқпен қуатталады, шусыз қозғалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу