Өңірде автокөлік құралдарының уыттылығы мен түтіндігін бақылауға бағытталған "Таза ауа" акциясы өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz pavlodarnews.kz-кесілтеме жасап.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы шараны экология департаменті, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырады.
"11-30 мамыр аралығында өтетін акцияға аймақ тұрғындары мен қоғамдық бірлестіктерді белсенді қатысуға шақырамыз", – деп жазылған хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу