Павлодарда терезеден құлаған 7 және 2 жасар екі бала мерт болды

809

Екі жағдайда да балалар үйде ата-аналарымен бірге болған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Pavlodarnews ресурсына сілтеме жасап.  

Павлодарда терезеден құлаған 7 және 2 жасар екі бала мерт болды

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылы туған бала бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кеткен.

Басқа жағдайда жеті жасар бала Вс.Иванов көшесіндегі үйдің бесінші қабатында орналасқан пәтердің терезесінен құлаған.

"Екі жағдайда да балалар ауруханаға жатқызылды. Екеуі де алған жарақатынан қайтыс болды, - деп хабарлады полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Полиция ата-аналардан баланы тіпті қысқа мерзімге қараусыз қалдырмауды, терезелерді ашық қалдырмауды, терезе жанында жиһаз қоймауды сұрайды.

Себебі, оның көмегімен бала терезе алды тақтайына өз бетінше көтерілуі мүмкін.

Сондай-ақ балалар терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп құлыптар мен тиектерді тексерген дұрыс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу