Рavlodarnews.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі Павлодар облыстық Қазынашылық департаментінің маңында тауып алған резеңке таяғын тәртіп сақшыларына қайтарып берді, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.
Белгілі болғандай, бүгін қала бойынша арнайы мамандандырылған "Күзет" қызметі басқармасы антитеррорлық орталықпен бірге арнайы оқу-жаттығуын өткізді. Оқу-жаттығу өткен Қазынашылық департаментінің мекемесіне келген тілшіміз шараға үлгермей қалды. Бірақ мекеме маңынан күзетшілерге тиесілі арнайы құралды тауып алған. Резеңке таяқты көтеріп, оны департамент ішінде болған иелеріне қайтарып берді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу