Павлодарда ТҚЖБ-ның 215 салымшысы үйлі болды

820

Павлодарда ТҚЖБ-ның 215 салымшысы үйлі болды

Павлодарда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 215 салымшысы пәтерлі болды, деп хабарлайды ТҚЖБ баспасөз қызметі.

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Талғат Байылов баспаналы болған тұрғындарды жеке құттықтады.

Жаңа үйлер Павлодарда "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған. 1 шаршы метрінің бағасы – 121 000 теңге. Бұл қаладағы орташа нарықтық бағадан айтарлықтай төмен. Пәтерлер аумағы 40-84 шаршы метр аралығында.

"Мемлекеттің қолдауы мен "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында жыл соңына дейін тағы 288 салымшы Павлодарда қоныс тойын атап өтетін болады. Бұған қоса біз 650 пәтер бойынша пулға сатып алушыларды қабылдау жариялайтын боламыз. Сондықтан бірнеше жыл бойы тұрақты түрде табысының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жинап келе жатқан тұрғындар жақын арада міндетті түрде пәтерлі болады", - деп түсіндіріп өтті банктің Павлодар облыстық филиалының директоры Талған Байылов.

Павлодар облысындағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары мемлекетті бағдарламадан бөлек "Өз үйім" бағдарламасы бойынша баспана алады. Пәтерлер Генерал Дүйсенов атындағы көше мен "Сарыарқа" ықшамауданының тоғызыншы кварталындағы екі бірдей тұрғын үй кешенінде сатылып жатыр. Таза әрлеудегі үйлердің бір шаршы метрі бағасы 140 000-165 000 теңге аралығында.

Жалпы алғанда 2019 жылдың наурыз айында екі нысан бойынша 216 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. "Өз үйім" бағдарламасына қатысу арқылы аталған пәтерлерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген клиенті сатып ала алады. Бұл – бағдарламаның артықшылығы. Салымшының атында тұрғын үй болу-болмау керектігі туралы ешқандай талап қойылмайды.

Қазіргі уақытта Павлодар облысының әрбір 13-тұрғыны, яғни 55 000 адам Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде баспаналы боламыз деп ақша жинап жатыр. 2018 жылдың басынан бері Павлодар облыстық филиалының қызметкерлері 2,5 мыңнан астам заем берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу