Павлодарда төрт бірдей жазасын өтеуші дене жарақатын алды

Осылайша олар басшылыққа наразылығын білдірмек болған. 

Павлодарда төрт бірдей жазасын өтеуші дене жарақатын алды Фото: newtimes.kz

Павлодар қаласындағы №46 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан төрт ер адам бір күнде ауруханадан бір-ақ шықты. Қазір олардың денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Алдымен жедел жәрдем қызметі арқылы іш қуысының жарақатын алған 1991 жылғы сотталушы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жазасын өтеуші стационарда қалудан бас тартып, түзету мекемесіне оралды. 1978 жылғы азамат та дәл осындай жарақатпен емдеу мекемесінің көмегіне жүгінді. Сол сияқты тағы екі сотталушы өздеріне дене жарақатын салғаны анықталды. 

Жергілікті қылмыстық-атқару жүйесі департаменітінің мәліметінше, оқиғалар 29 наурыз күні, бірақ әр түрлі уақытта орын алды. 

"Жазасын өтеушілердің мұндай әрекетке баруына олардың бейнебақылау камераларын орнатуға қатысты әкімшіліктің жасаған ескертуі себеп болған. Оларда пышақ жарақаты болған жоқ. Заңға қайшы әрекеттер жасауда сотталушылар шегені пайдаланған. Барлығына медициналық көме көрсетіліп, кейін қайтадан түзету мекемесіне оралды", - деп мәлімдеді департамент өкілдері. 

Аталған фактілер бойынша қызметтік тексеріс басталып, әр жағдай полиция бөлімінде тіркелді. Мекемеге үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, адам құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл де келіп, жағдайды бақылауға алды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу