Павлодарда төрт жасынан 100-ге жуық машина жинаған оқушы марапатқа ие болды

982

Павлодарда төрт жасынан 100-ге жуық машина жинаған оқушы марапатқа ие болды

Павлодарда төрт жасынан машина жинаған оқушы "Ақ шағала" фестивалінде "Креатив" аталымына ие болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы бұқаралық шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Мерканованың айтуынша, биыл алғаш рет өткізіліп отырған фестивальдің мақсаты - ерекше қабілетке ие балалардың дарынын ашып, жұртшылыққа таныстыру және ата-аналар мен ұстаздар арасында өзара ынтымақтастық қарым-қартынас орнату. Қала мектептері бойынша іріктеу кезеңіне қатысқан 241 баланың ішінен 14-і соңғы кезеңге жолдама алған. 

"Жас өрендердің әрқайсысы тоғыз бағыт бойынша өздерін ерекше қырынан таныта білді. Олардың бірі кез келген жанрда сахналық образды көрсетсе, енді бірі өлең оқу шеберлігін паш етті. Сонымен қатар, моншақтан түрлі әсем дүниелер жасайтын жас өрендермен де таныс болдық. Мәселен, № 39 мектептің 2-сынып оқушысы Иван Пакетов төрт жасынан бастап түрлі машиналардың моделі мен сол көліктер жайлы ақпарат жинаумен айналысады. Қазіргі таңда оның 100-ге жуық машинасы бар. Ал, № 6 мектептің 7-сынып оқушысы Екатерина Кутькова фарфор қуыршақтар жинаумен  әуестенеді. Ленин кентіндегі № 32 мектептің 7-сынып оқушысы Асылхан Бекзат болса, сиқыр көрсету арқылы қазылар алқасын таң қалдырды", – дейді Әсемгүл Мерканова.

Бұдан басқа, № 39 мектептің оқушысы Ярослав Кирющенко "Әртістік шеберлік", № 22 мектептің оқушысы Қайролла Ерғанат "Қасиетті домбыра", №20 мектептің оқушысы Сабина Сұлтангалиева "Хореографиялық жауһар" және № 19 мектептің оқушысы Мейрлан Асарбаев "Алтын дауыс"  жанры бойынша  "Ақ шағала" фестивалінің  лауреаттары атанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу