Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды

219

Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды Фото: @tipavlo

Павлодарда қала ішінде жүретін автобус жүргізушісі көлік руліне ие бола алмай, жол ортасындағы трамвай желісінің бағанына соғылды.

"Жол-көлік апаты Назарбаев даңғылы мен Казправда көшелерінің қиылысында болған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек талмасы себеп болған",- деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.

Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдары анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу